Тоқаев Үндістан халқына көңіл айтты

© Reuters

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге әуе апатына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге әуе апатына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Үндістанның үкіметіне, халқына және премьер-министрі Нарендра Модиге Керала штатында болған ұшақ апатынан көптеген адамның қаза болуына байланысты шын жүректен көңіл айтамын", - деп жазды Президент өзінің Twitter-дегі парақшасында (ағылшын тілінен аударма).

Еске салайық, 7 шілдеде Үндістанда Air India әуе компаниясының Express Boeing 737 лоу-костері Керала штатындағы Кожикоде әуежайына апатты жағдайда қонды. Үндістан билігінің мәліметінше, жаңбыр кезінде қонған лайнер көлбеу құлағаннан кейін екіге бөлінген. Соңғы деректер бойынша, 20 адам қаза тапқан, 140-тан астам адам жарақат алды.

Реклама
Реклама

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама