Тоқаев Үндістан премьер-министріне көңіл айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Әлеуметтік желілерден

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Ахмедабад қаласы әуежайының маңында болған жолаушылар ұшағы апатынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.

Қазақстан Президенті әуе апатынан қайтыс болған азаматтардың отбасылары мен жақындарын сабырға шақырып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетулеріне тілектестік білдірді.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 12 маусымда Air India әуекомпаниясына тиесілі Boeing 787 Dreamliner ұшағы Ахмадабадтан Лондонға ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай апатқа ұшырады.

Air India компаниясы мәліметінше, ұшақ бортында 242 адам болған. Оның 169-ы – Үндістан азаматы, 53-і – Ұлыбритания, 1 – Канада, 7 – Португалия азаматы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама