ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қазан 2024 | 11:36
Тоқаев үш жаңа сот туралы айтты
Астанада судьялардың IX съезінің ашылуында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы жаңа үш сот туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астанада судьялардың IX съезінің ашылуында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы жаңа үш сот туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент шілдеде қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша үш тәуелсіз кассациялық сот құруды көздейтін заңға қол қойғанын еске салды.
"Қазір бұл үшін барлық қажетті дайындық жұмысын жүргізу маңызды. Кассациялық соттардың кадрлық құрамы неғұрлым тәжірибелі судьялар қатарынан құрылуға тиіс. Кассациялық соттардың дербестігі азаматтар үшін сот төрелігінің қолжетімділігін едәуір кеңейтеді, инвестициялар мен бизнесті жүргізу үшін жағдайларды жақсартады. Ең бастысы - бұл әділдік пен Заң үстемдігі қағидаттарын толыққанды іске асыруға ықпал етеді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, жаңа соттар 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс істей бастауы керек.
"Сонымен қатар, бұл қадам Жоғарғы сотқа жүктемені азайтады. Жоғарғы сот органдары енді өздерінің басым міндеттеріне – сот тактикасының біркелкілігін қамтамасыз етуге толық көңіл бөле алады. Бұл бағытта көп нәрсе істеу керек. Жоғарыда атап өткенімдей, әкімшілік әділетті енгізу жақсы нәтиже көрсетті. Алайда сот ісін жүргізудің жаңа реформасы мемлекеттік органдардың қызметіндегі көптеген кемшіліктерді ашты. Қателіктер бойынша тиісті жұмыс жеткілікті түрде жүргізілмегенін мойындау керек. Бұл мемлекеттік органдардың ақыр соңында қате болып шығатын істер бойынша соттарға шамадан тыс салмақ түсіруіне алып келеді", - деді Мемлекет басшысы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также