26 қаңтар 2021 | 12:05

Тоқаев вакцинация бойынша тапсырма берді

Фото ©REUTERS

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  Үкіметтің кеңейтілген отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға халықты коронавирусқа байланысты вакцинациялау бойынша тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  Үкіметтің кеңейтілген отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға халықты коронавирусқа байланысты вакцинациялау бойынша тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент денсаулық сақтау министрінен медұйымдардың вакцинацияға дайындығын сұрады.

Реклама
Реклама

"Бұл мәселе бізде ерекше өзекті. Біз барлық медициналық ұйыммен оқыту жүргізіп жатырмыз. Әрбір медициналық ұйым вакцинация форматы бойынша барлық сұрағын талқылады. (...) Алғашқы вакцина "Спутник-V" болады. Мұнда өңірлерде СҚ Фармацияның барлық хабында қосымша тоңазытқыш жабдықтар сатып алынды. Медицина қызметкерлерін оқыту бойынша біз арнайы стандарт пен вакцинаны қолдану бойынша нұсқаулық жасадық. Қазір халыққа вакцинацияның пайдалы екенін жеткізу үшін материалдар дайындалды", - деп жауап берді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Мемлекет басшысы Цойға тапсырма берді.

"Осыған байланысты сіздерге, денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ретінде, барлық әкімге, сондай-ақ ведомстволардың басшыларына жүгінемін. Жалпыға бірдей вакцинация - бұл өте маңызды мәселе. Бізге азаматтарды вакцинациялау бойынша байыпты, пысықталған, егжей-тегжейлі жұмыс жоспары қажет. Шатасулар мен хаосты болдырмау үшін ескеретін көптеген нюанс бар. Жалпы вакцинация эпидемиологиялық жағдайды түзеуі керек, бірақ алда көп жұмыс бар", - деді Қазақстан Президенті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная