НАУРЫЗДЫ ТОЙЛАУ. 19 НАУРЫЗ

Тоқаев ведомстволарды сынап, қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды

viewings icon 95
comments icon
0
Ақорда Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді. Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Руслан Желдібай егжей-тегжейін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді. Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Руслан Желдібай егжей-тегжейін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жиын барысында барлық салалық ведомствоның атына сын-ескертпелер айтылып, егжей-тегжейлі талқылау өткен. Мемлекет басшысы экстремизм мен терроризмге қарсы күресті және ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған үйлесімді жұмысты күшейту қажет екеніне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Заң және тәртіп" қағидаты негізінде жұмысты ұйымдастырудың аса маңыздылығын атап өтіп, бұл салалардағы жағдайға талдау жасады.

Президент азық-түлік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, ел азаматтарын алаңдататын мәселелерді шешу үшін цифрлық құралдар мен жасанды интеллектіні дамытудың өзектілігіне тоқталды.

Мемлекет басшысы барша қоғамның мүддесі үшін Үкіметке Әділетті Қазақстанды құру бағдарламасын іске асыруға күш салуды тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная