Тоқаев Вьетнам президентіне жеделхат жолдады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Вьетнамның жаңадан сайланған Президентін құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Вьетнамның жаңадан сайланған Президентін құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламға Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті болып сайлануына орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Вьетнам Президентінің алдағы барлық бастамасына табыс, ал достас вьетнам халқына бақ-береке тіледі.

Реклама
Реклама

"Сіз осы лауазымда қызмет еткен кезеңде ғажап еліңіз одан әрі гүлденіп, үйлесімді және орнықты қоғам құру жолында тұрақты дами беретініне сенімдімін. Қазақстан мен Вьетнамды өзара сенім мен ортақ мүддеге негізделген тығыз қарым-қатынастар байланыстырады. Елдеріміздің мүддесі жолындағы көпқырлы ықпалдастықты өркендету үшін жаңа мүмкіндіктерді Сізбен бірлесіп пайдалануға дайынмын", – деп жазылған жеделхатта.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная