31 қаңтар 2022 18:31

Тоқаев заттардың стандартты үлгілерін қолдану туралы келісімді ратификациялады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев зат, материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерін жасау және қолдану жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев зат, материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерін жасау және қолдану жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерін жасау және қолдану жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Сенат мәліметінше, құжат жеткізушілерге қазақстандық тауарды, жұмысты және қызметті осы келісімге қатысушы елдерге экспорттау кезінде мемлекетаралық стандарт үлгілерін қосымша сынақтарсыз және зерттеулерсіз пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл отандық кәсіпкерлерге ақшасы мен уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді деп жоспарланып отыр.

Реклама
Реклама

"Заттар мен материалдардың құрамы, қасиеттерінің стандартты үлгілерін жасау және қолдану үлкен маңызға ие. Бүгін қабылданған келісім мемлекеттер арасында осы бағытта келісілген жұмыс жүргізуді көздейді. Болашақта бұл құжат бизнеске әкімшілік жүктемені азайтады, сондай-ақ, келісімге қатысушы ТМД елдері арасындағы экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша кедергілерді жояды деп үміттенеміз", - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев 20 қаңтарда.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram