21 маусым 2022 | 06:42

Тоқаев зияткерлік меншік туралы заңға қол қойды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қасым-Жомарт Тоқаев зияткерлік меншік туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қасым-Жомарт Тоқаев зияткерлік меншік туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген құжатта.

Маусым айының басында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев аталған заң жобасы зияткерлік меншік құқығын жетілдіруді көз­дейтінін баса айтты.

Реклама
Реклама

"Бұл заң жобасы зияткерлік меншік құқығын жетілдіруді көз­дей­ді. Құжатта зияткерлік мен­шік құқық­тары мен өнеркәсіптік меншік объекті­лерін қорғауды күшейту мәселесі қарасты­рыл­ған. Заң жобасында ұлттық заңнаманы осы саладағы халықаралық ұстаным мен тәжірибелердің ережелерімен сәйкестендіруге қатысты нормалар да бар. Сондай-ақ енгізілген нормалар мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу аясын кеңейтуге бағытталып отыр. Алдағы уақытта осы заң елімізде зияткерлік меншік нарығын дамытуға, азаматтарымыздың құқықтарын қам­тамасыз етуге өз септігін тигізеді деп сенеміз", - деді Мәулен Әшімбаев.

Жалпы қабылданған заң уәкілетті органда, сараптама ұйы­мында және соттарда өтініш берушілер мен құқық иелену­шілердің мүдделерін көздейтін патенттік сенім білдірілген өкілдер институтын жетілдіруге арналған. Сондай-ақ, заң консультанттары мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне енгізіледі. Сол арқылы халықтың осал топтары өкілдерінің заң көмегін тегін алу мүмкіндігі пайда болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная