05 қазан 2023 | 12:37

Тоқаев: Зорлық-зомбылық көрген балалардың ата-анасынан өтініштер келіп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
Freepik

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккен балалардың ата-анасынан өтініштер түсетіні туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккен балалардың ата-анасынан өтініштер түсетіні туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Соңғы уақытта маған зорлық-зомбылық көрген балалардың ата-аналарынан өтініштер келіп түсуде. Ашығын айтқанда, мұндай хаттарды оқу оңай емес. Жасөспірімдердің қылмыстық психологиясы мен кейбір мұғалімдердің немқұрайлығының құрбаны болған балалардың жай-күйі жүректі ауыртады.

Мен Президент Әкімшілігіне қылмыс жасағандарды заң жүзінде жазалау үшін осындай жағдайлардың бәрін айрықша бақылауға алуды тапсырдым. Мұндай адамдарға басқа айтар сөзім жоқ.

Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура балалардың қауіпсіздігіне қатысты өздеріне жүктелген міндетті дұрыс атқаруға тиіс. Бала құқықтары жөніндегі омбудсмен мұндай жағдайлардың бәрін тіркеп, маған баяндауы қажет. Қатаң шара қолданамыз", - деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Реклама
Реклама

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная