ПОДЕЛИТЬСЯ
31 мамыр 2023 | 16:40
Тоқаевқа саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірегей суреттері мен құжаттары көрсетілді
Президентке ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдары таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президентке ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдары таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығының жетекшісі Гүлшат Нұрымбетова жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстары туралы айтты. Президент тарихи құжаттарды қалпына келтіру жұмысы, Алаш қайраткерлерінің жеке құжаттарымен танысты.
Президенттің Жарлығымен 2020 жылдың қараша айында ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөнінде мемлекеттік комиссия құрылды.
Мемлекеттік комиссияның жұмысына қолдау көрсету мақсатында 2021 жылы ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығы ашылды ХХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін тарихына қатысты материалдар Орталыққа ІІМ, ҰҚК, Бас прокуратураның арнаулы мұрағаттарынан беріледі. Орталық таяу уақытта барлығы 715 мыңға жуық істі қабылдап алады деп жоспарланып отыр. Мұнда құжаттарды құпиясыздандыру, қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылады.
Оларды зерттеу және ғылыми айналымға енгізу үшін тиісті жағдай жасалған. Қазіргі уақытта тарихшы-ғалымдар мен орталық қызметкерлері "Алашорда ісі. 1920-1940 жж. Құжаттар мен материалдар" атты көптомдықты баспаға дайындап жатыр. Бұл басылым ХХ ғасырдағы Қазақстанның саяси тарихының ғылыми көкжиегін кеңейтеді. Жалпы, Орталық қорында 260 мың іс, ал архивте 1 миллион 132 мың іс сақталған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также