ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 30 наурыз 2022 20:01
Тоқаевқа Тіл білімі институты ғалымдарының жұмысы туралы баяндалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанованы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Президентке Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ғалымдарының үш бағытта жұмыс атқарып жатқаны туралы мәлімет берілді.
Анар Фазылжанованың айтуынша, бірінші бағыт - әлемдік лингвистиканың бір саласы ретіндегі қазақ тілі ғылымының іргелі теориялық мәселелеріне арналған зерттеулер. Екінші бағыт - қазақ тілін цифрландыру, атап айтқанда, Қазақ тілінің ұлттық корпусы деп аталатын электронды ақпараттық ресурс жасаған. Үшінші бағыт - қазақ тілін реформалау. Ондағы мақсат - ғылым саласындағы қазақ тілінің қолданысын кеңейту.
Қасым-Жомарт Тоқаев Тіл білімі институты ғалымдарының еңбектеріне жоғары баға беріп, жұмыстарына табыс тіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу