16 наурыз 2020 17:41

Тоқаевқа төтенше жағдай режимін қолдауға бағытталған шаралар туралы баяндалды

© Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың есебін тыңдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың есебін тыңдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа төтенше жағдай режимін қолдауға бағытталған шаралар жайында баяндалды.

Реклама
Реклама

Ішкі істер органдарының жеке құрамы ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін жұмылдырылған.

Президент азаматтарымыздың құқығына құрметпен қарай отырып, қоғамдық орындарда тәртіптің сақталуы маңызды екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы министрге ішкі істер органдарындағы ақпараттық жүйені цифрландыру және жетілдіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Еске салайық, кеше, 15 наурызда Тоқаев республикада төтенше жағдай жариялау туралы қаулыға қол қойған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram