ПОДЕЛИТЬСЯ
03 наурыз 2022 | 12:29
Тоқаевпен өткен кездесуден кейін қандай қару сатып алуға шешім қабылданды?
ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен өткен кездесуден кейін Қазақстанда қандай қару сатып алуға шешім қабылданғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен өткен кездесуден кейін Қазақстанда қандай қару сатып алуға шешім қабылданғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Иә, кешегі кездесуде Жоғарғы Бас қолбашы қорғаныс ведомствосының басшылығына әскери қауіпсіздіктің қазіргі жағдайын ескере отырып, Қарулы Күштердің құрылымы мен құрамын жаңғырту жөнінде тапсырма берді. Мемлекеттік қорғаныс тапсырысына сәйкес жоспарланған қару-жарақтың жаңа жүйелерін сатып алу көзделіп отыр. Ол броньды танк, зымыран-артиллериялық қару-жарақ техникасы, Әскери-теңіз күштері және Әуе қорғанысы күштеріне керек жабдықтар", - деді Камалетдинов.
Сондай-ақ, ол запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы айтты.
"Әскери қызметке 190 запастағы офицер шақырылады. Соның ішінде 150 адам - Қарулы Күштерге, 40 адам - ҰҚК шекара қызметіне. Расында да, төменгі командалық құрамда тапшылық бар", - деді Камалетдинов.
Ол оқу-жаттығулар, қару-жарақ сатып алу және запастағы офицерлерді шақыру жоспарлы іс-шаралар екенін түсіндірді.
"Қарулы Күштердің әрекетсіз болуы мүмкін емес. Олар кез келген агрессияға тойтарыс беруге дайын. Сондықтан сабақтар мен түрлі оқу-жаттығулар жоспарлы түрде өтіп жатыр", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қорғаныс министрлігінде армияны одан ары дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізген болатын.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылығына әскери қауіпсіздіктің қазіргі жағдайын ескере отырып, Қарулы Күштердің құрылымы мен құрамын жаңғырту жөнінде тапсырма берді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также