Тоқаевтың алдағы күндерге арналған жұмыс кестесі жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы күндерге арналған жұмыс кестесі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы күндерге арналған жұмыс кестесі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

26 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысын өткізеді.

27 қыркүйекте Астанаға Мьянма президентінің міндетін атқарушы, Мемлекеттік әкімшілік кеңес төрағасы Мин Аун Хлайн сапармен келеді. Ақордада екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланатын жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізу жоспарланып отыр.

Реклама
Реклама

29-30 қыркүйек күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Италия президенті Серджо Маттарелла елімізге ресми сапармен келеді. Мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты нығайту перспективаларын талқылайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама