Тоқаевтың алдағы күндерге жоспары белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Ақорда

Ақорда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы күндерге жоспарын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақорда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы күндерге жоспарын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

14 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтетін Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысады

Жиын барысында аграрлық саланы дамытудың өзекті мәселелері талқыланады.

Реклама
Реклама



14-15 қараша күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барады.

Мемлекеттер басшылары тет-а-тет форматында келіссөз жүргізеді, сондай-ақ президенттердің төрағалығымен Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді.

16 қарашада Президент Ташкентте өтетін Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысады.

17-19 қараша күндері Астанаға Эстония Президенті Алар Карис мемлекеттік сапармен келеді.

Ақордада мемлекеттер басшылары жоғары деңгейде келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастық перспективасын талқылайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама