Тоқаевтың баспасөз хатшысы қазақстандық мұнайдың жаңа бағыты туралы пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: akorda.kz

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы кездесуіне және қазақстандық көмірсутекті халықаралық нарықтарға жеткізу бағыттарын әртараптандыру жоспарына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Руслан Желдібайдың айтуынша, бұл жерде ең алдымен, геосаяси тұрақсыздық жағдайында Қазақстан көмірсутегін халықаралық нарықтарға жеткізу бағыттарын әртараптандыру туралы сөз болып отыр.

"Жиында жаңа көлік дәліздерін ашу мәселесі талқыланды. Бұл бір күндік жұмыс емес, ұзақ мерзімді жоспар. Шын мәнінде, қабылданған шешімдердің ешқандай саяси астары жоқ. Ресей біздің стратегиялық серіктесіміз әрі одақтасымыз болып қала береді. Оның мүддесіне нұқсан келтіретін қандай да бір іс-әрекеттерге жол берілмейді. Қазақстан тарапына қатысты да осындай әрекеттер жасалмайды деп үміттенеміз", - деп жазды Руслан Желдібай Facebook-парақшасында.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама