Тоқаевтың баспасөз хатшысы Михаил Козачковтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай журналист Михаил Козачковтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай журналист Михаил Козачковтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Руслан Желдібай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына журналист Михаил Козачковқа қатысты жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстарына орай бірқатар медиа қоғамдастық өкілі үндеу жолдағанын атап өтті.

"Осыған байланысты бұл іс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек құқық шеңберінде қаралуға тиіс екенін атап өту қажет. Бас прокуратура тергеудің заңдылығын қадағалауды қамтамасыз етуге және заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті түсініктемелер беруге міндетті. Қазақстан азаматы ретінде журналистің барлық заңды құқығы толық сақталуға тиіс", - деді Желдібай.

Реклама
Реклама

Еске салайық, кеше танымал журналист Михаил Козачков ұсталған болатын. Бұл ақпаратты Қаржылық мониторинг агенттігі растады. Ол Коспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына рейдерлік басып алулар жасауға көмектескен деген күдікке ілінген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная