ПОДЕЛИТЬСЯ
15 мамыр 2022 | 18:39
Тоқаевтың баспасөз хатшысы шейх Халифа Қазақстанды қалай қолдағанын айтты
Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай шейх Халифаның Қазақстанды қалай қолдағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай шейх Халифаның Қазақстанды қалай қолдағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абу-Дабиге арнайы ұшып барып, Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Халифа бин Зайд Әл Нахаянның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
Бұл - Қазақстанның шынайы досы болған шейх Халифаға деген Мемлекет басшысының құрметі. Өйткені, ол аймақтық және халықаралық қоғамдастықтағы еліміздің бастамалары мен ірі жобаларына әрдайым жан-жақты қолдау көрсетті.
Мәселен, Шейх Халифа Зайд Әл Нахаян Нұр-Сұлтан қаласындағы мектеп құрылысына 13 миллион доллар, Шымкенттегі перинатальді орталыққа 25,5 миллион доллар, сондай-ақ "Қарағанды-Нұр-Сұлтан" автожолын қайта жөндеуге 22 миллион доллар грант бөлді", - деп жазды Руслан Желдібай Facebook желісіндегі парақшасында.
Сондай-ақ, ол коронавирус пандемиясының қиын-қыстау кезінде Әмірліктер Қазақстанға бірінші болып көмек қолын созғанын, атап айтқанда, 100 тонна медициналық бұйым мен қорғаныш заттары, арнаулы киімдер және басқа да құрал-жабдықтар жібергенін атап өтті.
"Шейх Халифаның қолдауымен Қазақстан мен Әмірліктер арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамыды.
2005-2021 жылдар ішінде Әмірліктерден Қазақстанға тартылған жалпы тікелей инвестиция 2,6 миллиард долларды құрады.
Бүгінде Қазақстанда Әмірліктер капиталының қатысуымен 276 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Сондай-ақ, елордада құны 1,6 миллиард долларды құрайтын көпфункционалды "Абу Даби Плаза" кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Бұл - аса ірі екіжақты инвестициялық жоба.
Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, қазақстандықтар шейх Халифаны парасатты басшы, халықаралық деңгейдегі беделді саясаткер, көрнекті мемлекет қайраткері, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген тарихи тұлға ретінде әрдайым есінде сақтайды", - деді Президент баспасөз хатшысы.
Айта кетейік, бүгін Біріккен Араб Әмірліктеріне басқа да әлем лидерлері келіп көңіл айтып жатыр. Мәселен, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон, Франция президенті Эммануэль Макрон, АҚШ вице-президенті Камала Харрис және т.б. лауазымды тұлғалар.
Бұған дейін Нұр-Сұлтан көшелерінің біріне таяуда қайтыс болған, БАӘ бұрынғы президенті шейх Халифа бен Зайд Әл Нахаянның есімі берілетіні хабарланған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также