07 ақпан 2022 | 16:34

Тоқаевтың Бейжіңге сапарының мән-жайы айтылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото: Akorda.kz

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысқаны туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысқаны туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Президент 3 ақпанда кешке Бейжіңге ұшып барды. Оны ҚХР үкіметінің Еуразия істері жөніндегі арнайы өкілі Ли Хуэй қарсы алды.

Қазақстандық делегация "Дяоюйтай" мемлекеттік резиденциясына орналасты. Ол Бейжіңнің батысында орналасқан. Ресей президенті Владимир Путин мен Пәкістан премьер-министрі Имран Хан да осы резиденцияда тоқтады, басқа делегациялар қонақ үйлерге орналастырылды.

Реклама
Реклама

Kazpravda.kz

"Белгіленген тәртіпке сәй­кес Президенттің шетелге сапарларын дайындау кезінде Мемлекеттік күзет қызметінің, Президенттің баспасөз қызметінің, сондай-ақ, Президенттің Іс басқармасының бірнеше қызметкерінен тұратын алдын ала баратын топ құрылады. Топ Мемлекет басшысының Бейжіңге баруына бір жарым күн қалғанда жетті. Осындай қысқа мерзімге қарамастан, осы жұмыс тобы ҚХР СІМ жауапты қыз­меткерлерімен, күзет қызметімен бір­лесе отырып, сапардың барлық хаттамалық мәселесін толық шеше алды. Қытайлық ұйымдастырушылар біздің делегацияға ерекше қонақжайлылық көрсетті", - деді Берік Уәли.

Ойындардың ашылу салтанаты "Құс ұясы" атты ұлттық стадионда өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев VIP қонақтарға арналған мінберден қазақстандық спортшылар қол бұлғап, қолдау көрсет­ті.

5 ақпанда Халық жи­налысы үйінде Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасының төраға­сы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді.

"Бұл - екі ел басшысының үшінші бетпе-бет кездесуі. Бұған дейін олар 2019 жылы қыркүйекте Бейжіңде Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары кезінде кездескен еді.

Сонымен қатар, осы уақыт ішінде екі ел басшысы заманауи байланыс құралдары арқылы тұрақты хабарласып отырды. Бұл өзара ықпалдастықты жалғастыруға және нығайтуға мүмкіндік берді. Си Цзиньпин Қасым-Жомарт Тоқаев­қа ерекше ілтипат білдіре отырып, құр­мет­пен қарсы алды. Бұны екі ел көш­басшысы арасындағы келіссөз маз­мұнынан да, одан кейін бірге суретке түсіп, аудармашысыз сөйлесіп тұрған­дарынан да байқауға болады" - деді ол.

Президенттің жұмыс сапары ҚХР төрағасының Олимпиаданың ашылу салтанатына келген делегация­лар басшыларына арналған ресми қабылдауымен аяқталды.

Берік Уәлидің айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев осы қабылдау барысында БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришпен, ДДСҰ бас директорымен, сондай-ақ, Польша, Сингапур, Қатар, Пәкістан және Орталық Азия елдерінің басшыларымен әңгімелесті.

"Олар Мемлекет басшысының "қасіретті қаңтар" кезінде жағдайды тұрақтандыру үшін қабылдаған шешімдеріне қолдау білдірді", - деді ол.

Берік Уәлидің айтуынша, Президент бүгінде Қытайды даму­дың барлық көрсеткіші бойынша әлемдік көшбасшылар қатарына жатқызады.

"Қытай эко­номикасының әлемде екінші орын­да тұрғаны ешкімге құпия емес, сарап­шы­лардың болжамы бойынша, 10 жыл­дан кейін бірінші орынға шығуы тиіс. Қы­тай сияқты елмен көрші болу мем­лекетіміз үшін артықшылық деп ойлай­мын. Қазақстан мен Қытайдың мем­лекеттік шекарасының ұзындығы - 1782 шақырым. Бірқатар мемлекет Бейжің Олимпиадасына бойкот жариялап жатқан кезде достас елді қолдамау және оның ашылу рәсіміне қатыспау дұрыс болмас еді. Президент оң шешім қабылдады", - деді Берік Уәли.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная