15 маусым 2021 | 10:12

Тоқаевтың жаңа штаттан тыс кеңесшісі тағайындалды

Мейрам Пішембаев. Фото: primeminister.kz

Мейрам Пішембаев Президенттің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстан машина жасаушылар одағының баспасөз қызметі мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мейрам Пішембаев Президенттің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстан машина жасаушылар одағының баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Пішембаев Мейрам Құдайбергенұлы 1959 жылы 29 қазанда Павлодарда дүниеге келген. Экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік академиясының академигі.

Реклама
Реклама

2004 жылы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Мейрам Пішембаев Қазақстан машина жасаушылар одағы басқармасының төрағасы.

2013 жылдан бастап "Атемекен" ҚР ҰКП Төралқасы жанындағы Машина жасау және металл өңдеу комитетінің төрағасы.

2007-2021 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің IV, V, VI шақырылымдарының депутаты болды.

"Достық", "Құрмет", "Парасат" ордендерімен, "Құрметті машина жасаушы" төсбелгісімен марапатталған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная