Тоқаевтың мобилографы Қырғызстан президентіне көмектесті

Дина Шарипханова Корреспондент
Тоқаевтың мобилографы Қырғызстан президентіне көмектесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мобилографы Астанаға Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Еуропалық кеңес төрағасы кездесуіне қатысуға келген Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналист Әділ Балтабаев Telegram-арнасында видео жариялап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстан басшысы Садыр Жапаровпен кездесуінде болған оқиғаны айтып берді.

Видеода Қырғызстан президенті делегациясының мүшелері Ақорда ғимаратына кіріп үлгергені, ал Жапаров Тоқаевпен қол алысуға асығып бара жатқанда күртешесін шешуді ұмытып кеткенін байқауға болады. Көрші республика басшысы этикет ережелерін бұзбас үшін сырт киімін асығыс шешіп, артындағы адамға, яғни Тоқаевтың мобилографына тапсырады.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама