15 тамыз 2024 | 10:05

Тоқаевтың олимпиадашылармен кездесуі кейінге қалды

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Олимпиада құрамасының медаль иегерлерімен кездесуі кейінге қалдырылды. Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесші-баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Олимпиада құрамасының медаль иегерлерімен кездесуі кейінге қалдырылды. Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесші-баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Президент Париж олимпиадасының жүлдегерлері мен жаттықтырушылар құрамын мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

"Қасым-Жомарт Кемелұлы сол күні олармен кездеседі деп жоспарланған болатын. Өкінішке қарай, спортшылар мен жаттықтырушылардың жартысында ковид анықталды, бұл кездесуді кейінге қалдыруға мәжбүр болдық. Барлығына тезірек сауығып кетуін тілейміз. Кездесу міндетті түрде тамыздың соңында Ақордада өтеді деп жоспарланып отыр", - деді Берік Уәли.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Қазақстан олимпиадалық құрамасы Франция астанасында өткен ойындарда жеті медаль иеленді. Активтегі жалғыз алтынды дзюдошы Елдос Сметов жазды, ол 60 келіге дейінгі санаттағы ең үздік атанды.

Қазақстандықтар тұғырдың екінші сатысына үш рет көтерілді. Олимпиаданы гимнаст Нариман Құрбанов, грек-рим стилінің балуаны Демеу Жадыраев және боксшы Нұрбек Оралбай күміспен аяқтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram