“Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары - халықаралық ауқымдағы оқиға“ - Лавров

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарашадағы Ресейге мемлекеттік сапарына қызу дайындық жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевпен кездесу барысында ресейлік әріптесі Сергей Лавров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасап.

Ермек Көшербаев РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесу барысында министр болып тағайындалғаннан кейінгі Ресейге бірінші ресми сапарына айрықша мән беретінін мәлімдеді.

"Бұл сапардың айрықша мәні бар. Өйткені тағайындаудан кейінгі бірінші ресми сапарым. Қазақстанның елшісі ретінде Мәскеуде жұмыс істеген кезеңде қалыптасқан жеке байланыстарды жандандыру мүмкіндігін екі есе бағалаймын", - деді Ермек Көшербаев.

Реклама
Реклама

Ал Ресей сыртқы саясат ведомствосының басшысы Сергей Лавров Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарашадағы мемлекеттік сапарына дайындық қарқынды жүріп жатқанын мәлімдеді.

"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапарына дайындық толыққанды жүргізіліп жатыр. Оның халықаралық ауқымдағы оқиғаға айналатынын асыра сілтеусіз қорықпай айта аламын", - деді Лавров.

Еске салайық, жуырда Мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарашада Ресей Федерациясына жасайтын мемлекеттік сапарына дайындықтың кейбір аспектілері қарастырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама