14 мамыр 2021 | 12:43

Тоқаевтың сынынан кейін жұмыстан кеткен шенеунік жаңа қызметке тағайындалды

Сайранбек Бармақов. Фото:primeminister.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автожолдар комитетінің бұрынғы төрағасы Сайранбек Бармақов жол активтері сапасы ұлттық орталығының бас директорының орынбасары болып тағайындалды. Ақпаратты министрліктің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автожолдар комитетінің бұрынғы төрағасы Сайранбек Бармақов жол активтері сапасы ұлттық орталығының бас директорының орынбасары болып тағайындалды. Ақпаратты министрліктің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің қарамағында. Кәсіпорын Үкіметтің 2019 жылғы 19 наурыздағы қаулысымен құрылған болатын.

Жол активтерінің сапа орталығы автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау кезіндегі жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жасаумен, сондай-ақ жол активтерін басқарумен айналысады. Жалпы пайдаланудағы барлық жолды, соның ішінде жергілікті автомобиль жолдарын тексеруді қамтиды.

Реклама
Реклама

Сайранбек Бармақов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін автомобиль жолдары комитетінің төрағасы қызметінен босатылған еді. Бармақовты "саладағы бақылауды әлсіреткені үшін" қызметінен босату туралы жария түрде Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли 20 сәуірде хабарлады.

Бірнеше күннен кейін, 23 сәуірде БАҚ-та Сайранбек Бармақовты "Қазавтожол" ұлттық компаниясының Алматы филиалының директоры қызметіне тағайындау туралы ақпарат пайда болды. Басылымдар, соның ішінде мемлекеттік басылымдар өз жарияланымдарында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми хабарламасына сілтеме жасаған. Бүгінде Бармақовты "ҚазАвтоЖолда" қызметке тағайындау туралы министрліктің Telegram-каналында жарияланым жоқ.

Алайда, кейін министрлік оның "ҚазАвтоЖол" Алматы облыстық филиалының басшысы лауазымына тағайындалуын жоққа шығарды және бұл ақпараттың пайда болуын жансақтықтан болғанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная