27 сәуір 2022 16:30

Тоқаевтың сынынан кейін қызметтен кеткен шенеуніктер кім?

Камила Долаева Журналист
Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қызметіне кіріскелі жол жасайтындарды сынап келеді, бүгінге дейін талай шенеунік сол үшін жұмысынан да айырылды. Елге іштен қауіп төнгенде де қызметін жөнді атқармай, үлкен лауазымымен қош айтысқан атқамінерлер де жоқ емес. Ол қандай шенеуніктер және Тоқаев оларды не үшін қызметтен босатқаны туралы Tengrinews.kz тілшісінің шолуында.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қызметіне кіріскелі жол жасайтындарды сынап келеді, бүгінге дейін талай шенеунік сол үшін жұмысынан да айырылды. Елге іштен қауіп төнгенде де қызметін жөнді атқармай, үлкен лауазымымен қош айтысқан атқамінерлер де жоқ емес. Ол қандай шенеуніктер және Тоқаев оларды не үшін қызметтен босатқаны туралы Tengrinews.kz тілшісінің шолуында.

"Жол жөндей алмаған" шенеуніктер

Реклама
Реклама

26 сәуірде Тоқаевтың сынынан кейін QAZAVTOJOL филиалының директоры қызметінен босатылды.

Оған себеп - Батыс Қазақстан облысында жол жөндеу жұмыстары кешігіп жатыр. Qazavtojol және автожол комитетінің басшылық қызметкерлері де жазаланды.

"QAZAVTOJOL" ҰК" АҚ БҚО бойынша филиалының директоры Амир Кәрімбаев Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысындағы жолдарды жөндеу жөніндегі тапсырмасын уақтылы орындамағаны үшін қызметінен босатылды", - деді ИИДМ баспасөз қызметі өкілдері.

Сурет: kz.qaj.kz

2021 жылдың сәуірінде Автомобиль жолдары комитеті басшысы мен бірнеше әкім орынбасарлары да қызметінен кеткен болатын. Ол кезде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша республикалық және жергілікті жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарын ретке келтіріліп жатқан еді. Алайда "осы саладағы жұмыстарды және бақылауды босаңсытып алғаны үшін" Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С. Бармақов, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстары әкімдерінің орынбасарлары Т.Шәкімов, И.Турков және Н.Қалауовтар қызметінен босатылды.

"Үкімет, әкімдер, құқық қорғау органдары бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалуының алдын алу, жол құрылысы саласындағы келеңсіздіктерді жою үшін шаралар қабылдап жатыр", - деген еді сол кездегі Президент баспасөз хатшысы Берік Уәли.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Ұлан Әліпов те Президент сынынан кейін қызметінен кеткен болатын. 

"Ұлан Әліпов жұмысын дұрыс атқармағаны үшін "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының басшысы қызметінен босатылды. "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Ұлан Әліпов қызметінен босатылды. Барлық өңірде бюджет қаржысының жұмсалуына, көлік магистральдарының салынуына және жөнделуіне бақылау күшейтіледі. Президент алдағы уақытта аталған мәселені өзінің жеке бақылауында ұстайды", - деп жазды баспасөз хатшы Facebook-те.

Ұлан Әліпов. Фото: gov.kz

"БҚО жолын уақытылы жасай алмады"

Жақында автомобиль жолдарын жөндеу бойынша Тоқаев тапсырмаларын уақытында орындамағаны үшін Берік Қамалиев те ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысы оған Батыс Қазақстан облысындағы автомобиль жолдарын жөндеуге қатысты тапсырмалар берген еді.

Берік Қамалиев индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып 2019 жылы наурызда тағайындалған еді. 

Ол әр жылдары ҚР премьер-министрінің кеңесшісі, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің көлік және инфрақұрылым даму комитетінің төрағасы қызметінде болған. 2010 жылдың сәуір айынан бастап 2011 жылдың сәуір айына дейін Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі болды. Кейіннен ҚР Көлік және коммуникация министрі болып тағайындалды. Сонымен қатар, Берік Қамалиев "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқармасының төрағасы қызметінде болған.

"Командирлік қабілетін көрсете алмаған министр"

2021 жылы тамызда Жамбылдағы әскери қоймадағы жарылыстан кейін қорғаныс министрі болып тағайындалған Мұрат Бектанов қызметінен босатылды. Тоқаев Бектановты "қаңтар оқиғалары кезінде командирлік қабілетін көрсете алмады" деп айыптады. 

Еңбек өтілі - 33 жыл. Сіз кімсіз, жаңа қорғаныс министрі?

"Әскер Тәуелсіздігіміздің тірегі болып, мемлекет мүдделерін қорғауы тиіс. Қаңтар оқиғасы кезінде Қарулы Күштер өзіне сенімсіз әрі қабілетсіз басшылықтың кесірінен жүктелген міндеттерді өз деңгейінде атқара алмады. Министр Бектанов командирлік қабілетін көрсете алмады. Командалық-штабтық және әскери жаттығулар кезінде оң нәтиже көрсеткен әскеріміз бола тұра, сын сағатта оның әлеуетін пайдалана алмадық. Сырттан көмек шақыруға мәжбүр болдық", - деді Тоқаев.

Мұрат Бектанов. Фото: gov.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Бектановтың орнына Руслан Жақсылықовты қорғаныс министрі етіп тағайындады. Бұған дейін Жақсылықов ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның бас қолбасшысы қызметін атқарған. Оның орнына Еркін Ботақанов тағайындалды.

Бұған дейін Президент 11 қаңтарда өткен Мәжіліс отырысында Ұлттық қаіпсіздік комитеті "маңызды қауіпті байқамады" деп сынға алған еді. Тоқаев жыл басынан бері болған барлық жағдай бір тізбектің тармақтары деуге толық негіз барын атап өтті. Яғни бұл бірнеше жыл бойы алдын ала ойластырылған зұлымдықтың көрінісі.

Сонымен қатар, Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменттері құпия құжаттарды тастап кеткенін айтып сынға алды. Президенттің сөзінше, бәрі бірдей өз міндетіне адалдық таныта алмаған.   

Мәсімовтың орнына бұған дейін Мемлекеттік күзет қызметін басқарған Ермек Сағымбаев тағайындалды.

9 қаңтарда ҰҚК төрағасының жаңа орынбасарлары тағайындалды. Бақытбек Қосжанов пен Асқар Әмірханов ҰҚК төрағасының орынбасары болды. Марат Осипов пен Дәулет Ерғожин төраға орынбасары қызметінен босатылды.

14 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің екі өңірінде, Алматы және Жамбыл облысы бойынша департаменттерінің жаңа басшысы тағайындалды. Алмас Наймантаев Алматы облысы бойынша ҰҚКД басшысы, ал Нұрлан Кәрібжанов Жамбыл облысы бойынша ҰҚКД басшысы болды.

Бас прокурор ауысты

Қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстанның Бас прокуроры да ауысты. Ғизат Нұрдәулетовтің орнына Берік Асылов келді. Ғизат Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымына тағайындалды. Ол 2019 жылы наурызда бас прокурор болып тағайындалған болатын.

Ғизат Нұрдәулетов

Тоқаевтың тапсырмасымен. Даудан кейін қызметінен кеткен шенеуніктер

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram