26 қараша 2020 | 16:26

Тоқаевтың тапсырмасымен арзандайтын дәрілер тізімі аталды

Денсаулық сақтау министрлігі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құны төмендейтін дәрі-дәрмектердің тізімін ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрлігі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құны төмендейтін дәрі-дәрмектердің тізімін ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бәсекелестікті реттеу және дамыту агенттігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп Мемлекет басшысының COVID-19-ды емдеу кезінде пайдаланылатын дәрілік заттардың бағасын төмендетуге бағытталған тапсырмасын орындау бойынша жұмыс істеп жатыр.

Атап айтқанда, агенттік өндіруші бағасынан, қауіпсіздік пен сапаны бағалауға арналған шығындардан, маркетингке арналған, сондай-ақ өндірушіден Қазақстан Республикасының шекарасына дейінгі көлік және кедендік шығындардан тұратын бағаларды қалыптастыру бойынша құжаттаманы зерделеп жатыр", - деп жауап берді Денсаулық сақтау министрлігі порталдың ресми сұрауына.

Реклама
Реклама

Төменде бүгінгі таңда Қазақстан аумағында сатылатын 58 антибактериалды препараттың тізімі берілген: 

Ремдесивир 
Фавипиравир
Ацетилсалицил қышқылы
Аскорбин қышқылы
Холекальциферол
Ибупрофен
Парацетамол
Азитромицин
Амоксициллин + клавулан қышқылы
Амикацин
Ванкомицин
Гентамицин
Меропенем
Имипенем+Циластатин
Левофлоксацин
Моксифлоксацин
Ципрофлоксацин
Цефепим
Цефтазидим
Цефтриаксон
Цефуроксим
Метронидазол
Флуконазол
Дифенгидрамин
Натрий гепарині
Надропарин
Эноксапарин
Дабигатран
Апиксабан
Ривороксабан
Натрий фондапаринуксы
Эпинефрин
Тоцилизумаб
Допамин
Метилпреднизолон
Преднизолон
Дексаметазон
Пропофол
Пипекурония бромиді
Рокурония бромиді
Атракурий безилаты
Дексмедетомидин
Аминофиллин
Амиодарон
Бисопролол
Калий хлориді
Кальций хлориді
Магний сульфаты
Метоклопрамид
Метопролол
Морфин
Натрий хлориді
Омепразол
Повидон-йод
Трамадол
Фамотидин
Фуросемид
Эзомепразол

Еске салайық, 17 қарашада Үкімет мүшелері, бірқатар мемлекеттік орган басшылары, қалалар мен облыстардың әкімдері қатысқан кеңес барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дәрі-дәрмектің бағасын төмендетуді тапсырған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная