ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қыркүйек 2021 | 21:07
Тоқаевтың тапсырмасымен Ауғанстандағы қандастар елге жеткізілді
Ауғанстандағы қандастар елге жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Президендтің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде жазды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ауғанстандағы қандастар елге жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Президендтің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде жазды.
"Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бүгін Ауған елінде тұратын бір топ қазақ қандасымыз елімізге сәтті эвакуацияланды. Кабулдан Алматыға арнайы рейспен 35 қандасымыз, 4 Қазақстан азаматы және БҰҰ-ның 1 қызметкері жеткізілді. Президент дипломаттарымызға және игі істі ұйымдастыруға атсалысқан барлық ведомство қызметкерлеріне алғыс айтты", - делінген хабарламада.
ҚР Қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағы Кабулдан Алматы қаласының әуежайына 41 жолаушымен ұшып келді, олардың ішінде Қазақстанның 4 азаматы, Қырғызстанның 1 азаматы және Қазақстанда тұрақты тұратын 1 ауған бар. Келген жолаушылар карантиннен өту үшін уақытша оқшауланғаны айтылады.
"Эвакуациялық рейсті ұйымдастыру "Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған - авт.) қозғалысымен үйлестіріліп жүзеге асырылды. Қазақстанның Кабулдағы Елшілігі қалыпты режимде жұмыс істейді және Ауғанстанда тұратын қандастармен тұрақты байланыста. Өтініш берушілердің этникалық сәйкестігін растау және қандастарды қайтару жұмыстары жалғасып жатыр", - делінген MFA Qazaqstan Тelegram-арнасы таратқан хабарламада.
Бұған дейін 18 тамызда Қазақстан Ауғанстаннан өзінің 25 азаматын және Қырғызстан, Ресей мен Литваның 16 азаматын эвакуациялаған еді. Бұдан басқа, Алматыға Кабулдан Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі БҰҰ Миссиясы (UNAMA) және басқа да халықаралық ұйымдардың кеңселері уақытша көшірілген болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также