Тоқаевтың тапсырмасынан кейін: Бас прокуратура баласы әскерде қаза тапқан аналарды қабылдайды

Дина Шарипханова Корреспондент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін Бас прокуратура іске көшті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін Бас прокуратура іске көшті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокурор Берік Асыловтың сөзінше, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Бас прокуратура мен Бас әскери прокуратура басшылығы қаза тапқан және жарақат алған әскери қызметшілердің аналарын қабылдайды.

"Олардың әрбір уәжі назардан тыс қалмайды. Сондай-ақ, әскери қызметшілердің қаза табуы мен жарақат алуын болдырмау жөніндегі жұмыстарға, әскери қызметке шақырудың заңдылығына және медициналық қызметтің қорытындыларының негізділігіне баға беріледі. Бұл жұмысқа Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның орталық аппараттарының өкілдері тартылды", - деді Бас прокурор.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 10 қарашада Астанада Министрліктер үйі маңында Қорғаныс министрлігі өкілдеріне үндеу жасау мақсатында бір топ әйел жиналды.

Олар - әскери қызмет кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің аналары. Министрліктер үйі маңында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Ашынған аналар ұлдарының өлімін әділ тергеуді және әскерді реформалауды талап етті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама