ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 06 сәуір 2021 14:34
Тоқаевтың Twitter-дегі парақшасын кім жүргізеді?
Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың Twitter-дегі парақшасын кім жүргізетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Адамдар арасында кез келген мемлекеттік лауазымды тұлғаның әлеуметтік желілердегі парақшаларын көмекшілері немесе баспасөз қызметі жүргізеді деген жаңсақ пікір бар. Жоқ, Президент Twitter-де ұсыныстарын, халыққа үндеуін өзі жазады. (...) Берген тапсырмаларын да өзі жазып шығарады", - деді Берік Уәли "Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында.
Бұған дейін Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандық БАҚ-қа неге сирек сұхбат беретіні туралы сұраққа жауап берген еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу