06 тамыз 2021 09:28

Токио Олимпиадасы трансляциясына басқа елдер қанша ақша жұмсады?

Фото: ©REUTERS

Токио Олимпиадасы трансляциясына басқа елдер қанша ақша жұмсаған? Aibat жаңалықтар қызметі анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Токио Олимпиадасы трансляциясына басқа елдер қанша ақша жұмсаған? Aibat жаңалықтар қызметі анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылым мәліметенше, мұндай ақпараттар жабық түрде жүретініне қарамастан, кейбір сомалар шетелдік БАҚ беттерінде ашық айтылып, көпшілік назарына ұсынылған.

Реклама
Реклама

ХОК мәліметі бойынша, америкалық NBC Universal компаниясы ойындарды трансляциялауға бірден 11 жылға - 2021 жылдан 2032 жылға дейін келісімшартқа қол қойған. Мәміле 7,65 миллиард доллар болған.

Қазақстан Олимпиада ашылған күні трансляция құқығын сатып алды. Бұл туралы ресми хабарлама Токиодағы ойындардың ашылу салтанатынан бір сағат бұрын таратылған. Qazaqstan, Qazsport және "Хабар" телеарналары лицензияны "қолайлы бағамен" сатып алғаны хабарланды.

"Жапондық Dentsu Inc компаниясымен келіссөздер 2018 жылдың қарашасында басталды. Кейін құқық иелері 15 миллион доллар сұрады, бұл өткен ойындарды тарату құнынан 3 есе көп", - деп жазады басылым.

Қазақстандық телекөрермен Токио Олимпиадасының кейбір маңызды сәттерін көре алмағаны белгілі. Мысалы, қазақстандық арналар дзюдошы Елдос Сметовтың жекпе-жегін көрсеткен жоқ, ол елге Олимпиада-2020 ойындарының алғашқы медалін әкелді. Кейінірек ауыр атлет Зульфия Чиншанло жарысын таратуда да осындай қиындық туындағанын спортшы Илья Ильин мәлімдеді.

Qazaqstan телеарнасы инстаграмдағы парақшасында қазақстандықтардың қатысуымен өтетін кейбір жарыстар белгілі бір қиындықтарға байланысты тікелей көрсетілмегенін мәлімдеді, себебі Токиода Олимпиаданы трансляциялау құқығы ойындардың алдында ғана алынған. "Құқықты сатып алмас бұрын, сигналды қабылдайтын жабдықты тексеру және сынау мүмкін емес. Сондықтан телеарналарда алдын ала дайындалуға мүмкіндік болмады".

Сондай-ақ, Instagram-да "Хабар" телеарнасы көрермендерден кешірім сұрап, дзюдодан финалды "техникалық себептермен" көрсетпейтінін ескертті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram