10 қараша 2022 | 09:03

Толғағы келген әйелді жеткізбек болған: Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі өртенді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Толғағы келген әйелді тасымалдаған жедел жәрдем көлігі Алматы-Өскемен тасжолында өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Толғағы келген әйелді тасымалдаған жедел жәрдем көлігі Алматы-Өскемен тасжолында өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылым мәліметінше, 8 қарашада Жетісу полиция автопатрулі жедел жәрдем көлігінің жолда өртенуіне байланысты толғағы жеткен әйелді ауруханаға жеткізген.

"Дәрігерлер босанайын деп жатқан пациентті Қабанбай ауылынан Үшарал қаласына жеткізуге тырысқан. Алайда жолда жедел жәрдем көлігінен ақау шығып, толғағы келген әйелді полиция қызметкерлері Айдын Ғазизов пен Данияр Жақсыгелдинов полиция автопатруліне отырғызып, жедел түрде ауруханаға жеткізді. Онда қажетті көмек көрсетілді", - деп хабарлады облыс ПД ПБП командирінің орынбасары Абылай Беркендіков.

Реклама
Реклама

Жедел жәрдем қызметкерлері патрульдік полиция қызметкерлеріне жедел әрекет еткені үшін алғыс айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная