ПОДЕЛИТЬСЯ
23 маусым 2022 | 09:47
Томирис Байсафа ісі: сот тергеуді аяқтады
Сот Мәскеуде қаза тапқан қазақстандық студент Томирис Байсафаның ісі бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы 2018 жылы қайтыс болған марқұмның анасы мәлімдеді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сот Мәскеуде қаза тапқан қазақстандық студент Томирис Байсафаның ісі бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы 2018 жылы қайтыс болған марқұмның анасы мәлімдеді.
Жанна Ахметова әлеуметтік желідегі парақшасында сот істі қарауды аяқтағанын және енді үкім шығарылғанға дейін тараптар пікірсайыс өткізуі ғана қалғанын хабарлады.
2022 жылдың ақпанында бас айыпталушы Муртузали Меджидовтың келмеуіне байланысты Томирис Байсафаның өліміне қатысты сот отырысы кейінге қалдырылды.
Еске салайық, 2018 жылдың 13 сәуірінде ММХҚИ Халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасының төртінші курс студенті Томирис Байсафа жұмбақ жағдайда ЖОО-ның төртінші қабатының терезесінен құлап кеткен. Ауыр жарақат алып, көп қан жоғалтқан. Сол жылдың 3 мамырында Томирис Склифосовский ғылыми-зерттеу институтында қайтыс болды.
Томирис Байсафаны өлтірді деген күдікпен Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Муртузали Меджидов ұсталған еді.
2021 жылдың шілдесінде Мәскеудегі алқабилер соты Муртузали Меджидовті ақтап алды.
Қайтыс болған студенттің анасының шағымдары мен қоғам наразылығынан кейін ақтау үкімінің күші жойылып, іс қайта қарауға жіберілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также