13 қыркүйек 2017 12:28

Тоңазытқыштағы сұмдық: Үшінші баланың жағдайы белгілі болды

Алматыда тоңазытқыштан табылған балалардың бауыры қалалық клиникалық ауруханада жатыр. Медициналық мекеменің өкілдері оның жағдайы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тоңазытқыштан табылған балалардың бауыры қалалық клиникалық ауруханада жатыр. Медициналық мекеменің өкілдері оның жағдайы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Күтім көрген бала. Мұндай балаларды үнемі қарап, қабылдаймыз. Жасы 2-3-терде", - деді аурухана өкілдері.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Facebook желісінде мұның алдында баланың табылғаны жайлы табылғаны хабарланған еді. Кейбір мәліметтер бойынша, бала көшеде үш күн жүріп қалған. Оның сөйлемейтіні және өз аты-жөнін білмейтіні де айтылған. Баланы тауып алған әйел қазіргі уақытта онымен бірге бір палатада жатыр. Суретті де сол әйел түсіріпті.

Балалардың шешесі - 34 жастағы Алла Волченко. Қазіргі уақытта әйел ұсталған. Оның қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Мұның алдында Алматыдағы Түрксіб ауданында мәйіті тоңазытқыштан табылған балалардың шешесімен бірге тұрып келген ер адам ұсталғаны хабарланған болатын. Балалардың әкесі Өзбекстанның 29 жастағы тұрғыны болып шықты.. Сонымен қатар, балалардың анасынан жауап алынып жатыр екен, ол ер адаммен бірге ұсталған. Әйелге із-түссіз жоғалып кеткен адам ретінде іздеу жарияланған еді. 

Еске салайық, тоңашытқыштан балалардың мәйіті табылғаны жайлы кеше, 12 қыркүйекте хабарланған еді. Өз кезегінде құқық қорғау органдарының өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне бұл мәліметті растады. Осы іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалыпты.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram