18 қараша 2021 | 12:28

Тоннасы 5700 теңгеге дейін - министр көмір бағасы тұрақты болатынына уәде берді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов өңірлерде көмірдің тоннасы 5200-5700 теңгеден сатылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов өңірлерде көмірдің тоннасы 5200-5700 теңгеден сатылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жанар-жағармай бағасының өскені байқалды, дизельдік отын бағасының күрт өсуі қоғамдық көліктерге, ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне және автокөлік тасымалына әсер етті. Дәл осындай жағдай көмір нарығында да қалыптасты. Тұрмыстық көмірдің бағасы 2007 жылдан 2014 жылға дейін өсті. Тасымалдау және электр энергиясы тарифтерінің көтерілуіне байланысты 9 пайызға көтерілді. Жанар-жағармай және көмір бағасының өсуі барлық тауар бағасының өсуіне әкеп соғады", - деді депутат Ләззат Рысбекова Сенат отырысында.

Министр Атамқұлов көмір бағасының өсуін тежеу ​​шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.

Реклама
Реклама

"Ірі көмір өндірушілер сатушылармен меморандум жасады. Біз Қаражыра, Богатырь, Шұбаркөл кен орындарымен нақты бағаны келістік. Бағасы 5200 теңгеден бастап, ең қымбаты - тоннасына 5700 теңге болады", - деп уәде берді министр.

Оның айтуынша, биылғы жылыту маусымында өңірлердің көмірге деген сұранысы 9,3 млн тоннаны құраған.

"Қазірдің өзінде өңірлерге 8,8 миллион көмір жіберілді. Вагондар уақытылы жеткізілді. Өңірлердегі жағдай тұрақты. Аймақтарда тарату орталықтары бар. Қазір көмірге сұраныс жоғары болғандықтан қараша айында қосымша 484 мың тонна өндіруді жоспарлап отырмыз. ҚТЖ мен карьерлерге қосымша сұраныстар берілді. Егер өңірлерден сұраныс көп болса, біз бұл көрсеткіштерді арттыруға дайынбыз", - деді Атамқұлов.

Бұған дейін Қазақстан өңірлеріндегі көмір тапшылығына түсініктеме бере отырып, ИИДМ тоғыз облыс әкімдігі өз тұрғындарын көмірмен қамтамасыз етуді уақтылы бақыламағанын хабарлады. Соның салдарынан Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында, Алматы мен Нұр-Сұлтанда көмір жетіспеді.

Сондай-ақ экономистер еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі қазақстандық тұтынушылар үшін биылғы жылы көмір тапшылығының ықтимал себептеріне де тоқталды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная