ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 06 наурыз 2017 21:53
Тоқаев: Ата Заңға енгізілген өзгерістер демократиямызға жаңа серпін береді
Ата Заңға жаңа өзгерістер демократиямызға жаңа серпін береді. Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің ел Конституциясына қабылданған түзетулерге қатысты осындай пікір айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгін Қазақстан Парламенті Ата Заңға жаңа өзгерістер енгізді. Президент заңға қол қойса бұл Конституция демократиямызға жаңа серпін береді", - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі аккаунтында.
Еске салайық, бүгін Парламент Қазақстан Конституциясына түзетулерді қабылдады. Біріккен комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, Президент ұсынған заң жобасында Конституцияның 19 бабына 26 түзету қарастырылған.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу