Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

Камила Долаева Журналист

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

"Құрметті отандастар! Барша православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтаймын! Бұл күн діндар адамдардың жүрегін мейірім мен қуанышқа бөлеп, рухани құндылықтар мен биік адамгершілік идеалдарды құрметтеуге, игі істерге үндейді.

Дәстүрлі Пасха мейрамы отбасылық қасиеттерді, қайырымдылықты, жақын жанға деген махабатты, адамдардың бір-біріне жанашырлық танытуын ұлықтайды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кемел саясатының арқасында елімізде бейбітшілік пен келісім орнаған, сондай-ақ, барлық этностар мен конфессиялар өзара сыйластықта өмір сүруде.

Реклама
Реклама

Қазақстандықтар өсіп-өркендеу және даму жолында әрдайым ынтымақ пен бірлік танытып келеді. Пасха мейрамы сіздерге бақ-береке әкеліп, игі бастамаларыңыздың жаршысы болсын!", - деді мемлекет басшысы. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама