Тоқаев ҚМГ төрағасын қабылдады

© akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазмұнайгаз" ҰК" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алик Айдарбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазмұнайгаз" ҰК" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алик Айдарбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына ұлттық компанияның биылғы 4 айдың ішінде атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары мен алдағы жоспарлары туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ, компанияның IPO-ға дайындығы жөнінде баяндалды.

Реклама
Реклама

Қазақстан Президенті басталған жобалардың бәрін мерзімінде аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы корпоративтік басқару ісін дамыту, ұлттық компанияға білікті жас мамандарды тарту қажеттігін айтты. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news10
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама