Тоқаев ҚТЖ басшысын қабылдады

akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан темір жолы" компаниясының басшысын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан темір жолы" компаниясының басшысын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы "Қазақстан темір жолы" ҰҚ АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевпен еліміздің теміржол саласының қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.

Басқарма төрағасы Қазақстан Президентіне компанияның 2019 жылдың алғашқы тоқсанындағы жұмыс нәтижелерін, осы жылға жоспарлары мен салалық Жол картасының жүзеге асырылудағы негізгі бағыттары туралы мәлімет берді.

Реклама
Реклама

Қасым-Жомарт Тоқаев теміржол тасымалын дамыту бойынша шаралар қабылдау қажеттігін айтты. Президент қазіргі басты мақсат ретінде темір жолдарды одан әрі модернизациялау, еліміздің көлік-логистика және транзиттік әлеуетін арттыру екенін атады.

Мемлекет басшысы кездесу соңында бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news8
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама