Тоқаев Сауд Арабиясының Королімен телефон арқылы сөйлесті

© akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында екі мемлекет басшылары жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін дайын екендерін білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудқа Қазақстанның ОПЕК+ келісімінің қолданылу мерзімін 2019 жылдың аяғына дейін ұзарту жөніндегі Саудияның бастамасын қолдайтынын мәлімдеді. Бұл келісім көмірсутегін өндіруші негізгі елдердегі мұнай өндіру көлемін қысқартуды көздейді.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, тараптар жоғары саяси деңгейдегі сапар алмасу тәжірибесін жалғастыруға уағдаласты.

Телефон арқылы сөйлесуге Саудия жағы бастамашы болды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама