Тоқаев Сенат төрағасы болып қайта сайланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат төрағасы болып қайта сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат төрағасы болып қайта сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоқаевты Қазақстан Президенті ұсынды. Бұл туралы Сенаттың пленарлық отырысы барысында айтты.

Жабық дауыс беру қорытындысы бойынша депутаттар Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдады. 

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, 13 қыркүйекте Мемлекет басшысының жарлығымен Тоқаев Парламент Сенатының депутаты болып қайта сайланған еді.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2013 жылдың 16 қазанынан бастап Сенат төрағасы қызметін атқарған еді. Премьер-министр, сыртқы істер министрі, БҰҰ бас хатшысының орынбасары, Женевадағы БҰҰ бөлімінің бас директоры қызметтерінде болған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама