Тоқаев Ұлттық банкке тапсырма берді

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банкке тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банкке тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Ұлттық банкке биылдан бастап несиелеу мөлшерлемесін азайтып, экономиканы қаржыландыру көлемін арттыру бойынша механизм жасауды тапсырамын", - деді ол Маңыстау облысының жұртшылығымен кездесу барысында. 

Сондай-ақ, Президент экономика мен халықтың табысы өсуі үшін шағын және орта бизнесті несиелеуді қолжетімді ете түсу керек екенін айтты. Тоқаевтың пікірінше, елдің транзиттік мүмкіндігін пайдалану қажет. 

Реклама
Реклама

"Порттарымызға қосымша жүк ағымын тарту үшін мемлекетке Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия, Таяу Шығыс және Қытай елдерімен жұмысты қарқындату қажет", - деді ол. 

11 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ақтау қаласына барған болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама