Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды алдағы реформалардың негізгі қозғаушы күші деп атады. Бұл туралы ол Twitter желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі
"Мемлекетті басқару жүйесіне жас мамандарды, соның ішінде азаматтық сектордан тарту менің міндетім болады. 300 адамнан тұратын алғашқы кадрлық резервтің тізімі жыл соңына дейін дайындалады. Жастар - алдағы реформалардың негізгі қозғаушы күші", - деп жазды Президент.
Осыған дейін, Тоқаев Қазақстанда президенттік кадрлық резерв құрылатынын хабарлады. Оның айтуынша, елімізде талантты жастардың экономикада, ғылымда, мәдениет пен спортта өзін шыңдауға жағдай жасалады.