Тоқаев Жээнбековті Қырғыз Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтады

© akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековті Қырғыз Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековті Қырғыз Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қырғызстанның өз егемендігі жылдарында ауқымды жаңғыру жолынан өтіп, мемлекет құру ісінде зор жетістіктерге жеткенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Бішкек арасында қалыптасқан көпғасырлық достық, көршілестік және өзара сенім сипатындағы іс-қимылдарды Қазақстан тарапы жоғары бағалайтынына ерекше мән берді. 

Реклама
Реклама

"Біздің елдеріміздің арасында орнаған ашық және тұрақты саяси диалог алдағы уақытта да қазақ-қырғыз қатынастарының стратегиялық серіктестік және өзара қолдау рухында жан-жақты нығая беруіне ықпал етеді деп сенемін", - делінген жеделхатта.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама