"Төрт күн су болмайды": Мекеме өкілдері WhatsApp-та тараған хабарламаға қатысты пікір білдірді

© medyaurfa.com

WhatsApp мессенджері мен әлеуметтік желілерде "Алматы су" мекемесінің қалада төрт күн бойы су болмайтыны туралы хабарламаcы тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

WhatsApp мессенджері мен әлеуметтік желілерде "Алматы су" мекемесінің қалада төрт күн бойы су болмайтыны туралы хабарламаcы тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қыздар, Алматыда тұратындарға жіберіңіздер. Су алып қойсын. Дезинфекция жұмыстарын жүргізу үшін төрт күн қалада су болмайды", - делінген хабарламада.

Tengrinews.kz редакциясы "Алматы су" мекемесіне хабарласты. Мекеме өкілдері бұл хабарламаның жалған екенін айтты.

Реклама
Реклама

"Алматы әрдайым сумен қамтамасыз етіліп отырады. WhatsApp-та қалада төрт күн су болмайтыны туралы тарап жатқан хабарлама шындыққа жанаспайды. Суды өшіру жоспарда жоқ", - деді мекеменің баспасөз қызметіндегілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама