19 наурыз 2014 12:00

Төрт облыста боранға байланысты жолдар жабылды

©Нұрғиса Елеубеков

Қазақстанның төрт облысында қолайсыз ауа райына байланысты жолдар жабылды деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазақавтожол" РМК мамандарына сілтеме жасап. Ақмола облысында 19 наурыз күнгі 01.00-ден бастап, Екатеринбург - Алматы тас жолында (915-963-шақырым) және Қостанай - Әулиекөл - Сұрған және Жақсы - Есіл - Бұзулық жолдарында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды. Ақтөбе облысында боран мен көріну мүмкіндігінің нашарлауына байланысты Самара - Шымкент (773-965-шақырым) және Қарабұтақ - Денисовка - Рудный - Қостанай (0-231-шақырым) тас жолдары автокөліктің барлық түрі үшін жабылды. Қарағанды облысында Жезқазған - Петропавл (22-252-шақырым), Қостанай облысында Денисовка - Жетіқара - Мүктікөл - РФ шекарасы (0-50 және 82-174-шақырымдар) тас жолдарында автокөліктің барлық түрінің қозғалысына тыйым салынды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram