12 қаңтар 2021 | 15:04

Төрт партия депутаттары Алматының қалалық мәслихатына өтті

© Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Төрт саяси партия депутаттары Алматының қалалық мәслихатына өтті. Бұл Алматы бойынша депутат сайлауының қорытындысы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Төрт саяси партия депутаттары Алматының қалалық мәслихатына өтті. Бұл Алматы бойынша депутат сайлауының қорытындысы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аймақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, бес саяси партиядан барлығы 118 кандидат тіркелген.

Реклама
Реклама

Сайлау қорытындысы бойынша, Алматыдағы сайлаушылар дауысы келесідей бөлінді:

Nur Otan партиясына 68,11 пайыз дауыс берілген;

"Ақ жол" демократиялық партиясы - 10,11 пайыз;

"Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы - 7,68 пайыз;

Қазақстанның Халық партиясы - 7,31 пайыз;

ADAL саяси партиясы 6,79 пайыз дауыс жинаған. 

Алматыдағы депутаттық мандатқа төрт партия өткен. Осылайша Nur Otan мәслихаттан 29 депуттаттық орын, "Ақ жол" - 4, "Ауыл" - 3, Қазақстанның Халық партиясы - 3-орын алған. 

Бұған дейін Мәжілісте Nur Otan, "Ақ жол" және ҚХП қанша орын алғаны хабарланған болатын. Сонымен Мәжілісте Nur Otan партиясында 76 депутаттық мандат, "Ақ жолда" 12 депутаттық мандат, Қазақстан Халық партиясында 10 депутаттық мандат мандат бар.

Парламент сайлауының қорытындысы:

Nur Otan партиясы - 71,09 пайыз;
"Ақ жол" партиясы - 10,95 пайыз;
Қазақстан Халық партиясы  - 9,10 пайыз;
"Ауыл" партиясы - 5,29 пайыз;
ADAL партиясы - 3,57 пайыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная