19 наурыз 2023 11:48

Төрт ұрпақ таңдау жасады

БҚО Ақжайық ауданында бір отбасының төрт ұрпағы дауыс берді. Аудандағы Қажығалиевтер отбасы сайлауға түгел келді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО Ақжайық ауданында бір отбасының төрт ұрпағы дауыс берді. Аудандағы Қажығалиевтер отбасы сайлауға түгел келді.

Әдетте мұндай үрдіс те көп ешкімді таң қалдыра қоймайды. Бірақ бұл дауыс берудің ерекшелігі сол сайлауға атасы, баласы, немересі мен шөбересі келді. Барлығы да өз таңдауын жасады.

"Сайлау демократиялық қоғамның бір белгісі. Сол себепті ұл қыздарыма белгілі бір партияға не адамға дауыс беру керек деп айтпадым. Әр ұрпақтың өз таңдауы болады. Біздің отбасында осы сайлауға қатысты түрлі тартыс боп қалады. Атасы бір жақ немере-шөберелер бір жақ болып, үй ішін дебат алаңына айналдырғанбыз", - деп күледі үлкен әулеттің отағасы ақсақал Жігербай Қажығалиев.

Реклама
Реклама

Бұл отбасы ел ішінде үлкен беделге ие. Жігербай ақсақал мен Мәруа әжей үш ұл, үш қыз тәрбиелеп өсірген. Осы күні олардан тараған 14 немере мен 14 шөберенің қызығын көріп отыр. Жас күнінде отағасы ұстаздық қызмет атқарса, отанасы Мәруә ұлы қыздарына тәрбие берген отбасы ошағының түтінін түзу шығарған нағыз жан. Бүгінде жетпістен асқан олар қоғамдық істен қол үзген емес. Жігербай ағамыз аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы. Кезінде ауылдық округ әкімі қызметін де абыроймен атқарғанын ел біледі.

Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің дегендей ұл-қыздары да елге танымал адамдар. Әрқайсы бір-бір шаңырақ иесі. Бірі ата жолын қуған ұстаз болса, енді бірі дәрігерлік жолды таңдапты. Немере-шөберелері мен жиендері де елге қызмет атқарып келеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Батыс Қазақстан облысының әкімдігімен ұсынылған
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram