Төсекте жатып темекі шеккен: Ақмола облысында ер адам өрттен құтқарылды

Фото: ТЖМ

Ақмола облысының Ерейментау қаласында жекеменшік тұрғын үй өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысының Ерейментау қаласында жекеменшік тұрғын үй өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, көршілері үйде адам бар деп хабарлаған. Өртті сөндіруге келгендер үй иесін ес-түссіз күйде тапты.

Өрт аумағы шағын, 4 шаршы метр болады. Ер адам үйден шыға алмай қалған.

Реклама
Реклама

"Үйдің жатын бөлмесіндегі өрттің шығу себебін анықтаған кезде, үй иесі ес-түссіз күйде табылды. Сараптама қорытындысы бойынша азамат мас күйінде болған және төсекте жатып темекі шеккен", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Өртсөндірушілер тобы үйдегі өртті өшіріп жатқанда Ерейментау аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Амангелді Доскенов зардап шеккен адамды ғимараттың арғы бетінен алып шыққаны айтылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама