Трамп Қазақстандағы АҚШ елшісі лауазымына кімді ұсынды?

Дина Шарипханова Корреспондент
Джули Стафт. Видео кадры

Қазақстандағы АҚШ елшісі лауазымына жаңа үміткер ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандағы АҚШ елшісі лауазымына жаңа үміткер ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақ үйдің ақпаратына сүйенсек, Президент Дональд Трамп Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына Огайо штатынан Джули Стафты ұсынды.

Қазір оның кандидатурасы Сенатқа мақұлдау үшін жіберілді.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Джули Стаффт - АҚШ дипломаты, аға дипломатиялық қызметтің мүшесі, бұған дейін мемлекеттік департаменттің консулдық істер бюросының визалық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры болған. Ол Ресейдегі, Польшадағы, Эфиопиядағы, Молдовадағы және Джибутидегі АҚШ елшіліктерінде, сондай-ақ, COVID-19 пандемиясы кезінде америкалықтарды қорғау шараларын үйлестірген Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінде жұмыс істеген.

Еске салайық, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм 2024 жылы желтоқсанда зейнетке шығуына байланысты отставкаға кететінін жариялады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама