ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қазан 2022 | 12:37
Транскаспий бағытын негізгі байланыстырушы буынға айналдырамыз - Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий бағытын байланыстырушы буынға айналдыруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий бағытын байланыстырушы буынға айналдыруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Республикалық қоғамдық штабта өткен жиында айтты.
"Осы мақсатта біз Транскаспий халықаралық көлік бағытын транзиттік және экспорттық мүмкіндіктерімізді неғұрлым толық іске асыруға ықпал ететін негізгі байланыстырушы буынға айналдырамыз. Біз теңіз порттары мен флотты нығайтып, Каспий теңізінде контейнерлік хаб құрамыз", - деді ел Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей, Қытай және Орталық Азия елдерімен шекаралас сауда-экономикалық орталықтар желісін ашуды тапсырды.
"11 мың шақырым теміржолды жөндейміз. Достық-Мойынты, Дарбаза-Мақтаарал теміржол желілерін, Алматыны айналып өтетін айналма жолды, Қытай мен Бақты теміржол өткелін іске қосамыз. Халықтың сұранысын қанағаттандыратын энергия жүйесін құруды жалғастырамыз. Бұл ретте көмірсутектерді өндіруді әртараптандыруды және өңірлерімізді газдандыруды қамтамасыз етеміз. Баламалы энергетика серпінді дамитын болады. Жаңартылатын энергия көздерін өндіру көлемі 1,5 есеге артады", - деді ел Президенті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также